Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Менің туым – менің мақтанышым» атты патриоттық құттықтау челленджі өткізілді.Аталған шараға Балқаш ауданының ауылдық округтеріндегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар белсенді қатысып, Мемлекеттік Туға деген құрметі мен мақтаныш сезімдерін бейнероликтер арқылы жеткізді. Челлендждің басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.Шара барысында қатысушылар көк байрағымызды...